«Қыздардың көбісі меф иіскейді»: Қуат Хамитов неліктен үйленбей жүргенін түсіндірді

21 Тамыз 2023, 15:32 11950

Аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов әлі күнге дейін отбасын құрмауының себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы бұл туралы спорт журналисі Ғалым Сүлейменовтің «Берен» подкастында айтты.

Барлығы Алладан ғой. Маңдайымызға сол жазылып қойған шығар. Мен спорт деп жүріп өзімді ұмытып кетіппін. Алдыңғы жылдары араласып жүрген жақсы қыздар болатын. Бірақ мен оларға үйленуге дайын емес екенімді айтатынмын. «Сен Анджелина Джоли болсаң да» үйленбеймін дейтінмін. Себебі менің алға қойған мақсаттарым бар, әлі үйленуге дайын емеспін дейтінмін. Қазір үйленуге дайын сияқтымын. Бірақ қыз жолықпай жүр, - дейді Қуат Хамитов.

«Найман» сұхбат барысында жаман әдетке үйір қыздардың да көбейгенін тілге тиек етті. Хамитовтің сөзіне қарағанда, балаларына ана болатын жар жолықпай жүр.

Меф деген бәле пайда болды. Барлығы емес енді, бірақ көпшілігі соны иіскейді, жастардың біразы бұзылып кеткен. Маған ақылды, қарапайым, иманды, ертең болашақ балаларымды тәрбиелейтін, ата-анама қарайтын қыздар жолықпай жүр. Әке болған соң ұлдарымның спортшы болғанын қалаймын. Мықты спортшы, бірақ басында ми болмаса, ол қоғамға қауіпті болмақ. Біреуді ұрып өлтіріп қоюы мүмкін. Мен ондайды қаламаймын, - деді Қуат.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: