Қыз зорлағаны үшін сотталған полиция басшысы апелляциялық шағым түсірді

17 Шілде, 22:09 762

Талдықорғанда 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев сот үкіміне шағым білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облыстық сотының хабарлауынша, сотталған азаматтың арызы 17 шілдеде келіп түскен. Істің апелляциялық сотта қашан қаралатыны айтылмады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы қарашада Талдықорған полиция басшысына 27 жастағы әйелді зорлады деген айып тағылды. Сот оны 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кескені белгілі.

Перизат Саденова
Бөлісу: