«Қыз күнінде қуыршақтай еді». Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісоваға ғашық болып, ән арнаған

1 Ақпан, 15:55 17299

Белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев жас кезінде әнші Мақпал Жүнісоваға ғашық болып, ән арнағаны туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Композитор арнайы өлең жаздырып, “Мәңгілік махаббатым” деген әнін халық әртісіне арнаған. 

Мен шын ғашық болсам, ұрып-жығатын қасиетім бар. Әзіл-қалжың шығар, Мақпалға ғашық болғаным рас. Қуыршақтай қыз еді. Осыдан 33 жыл бұрын “Мәңгілік махаббатым” деген әнді Әбдірахман Асылбекке жаздырдым. 21 жастағы Мақпал сол әнді орындаған. Қыз күнінде салмағы 50 келіге де жетпейтін. Алақанға салып, көтеріп тұруға келетін, шынашақтай қыз еді. Бірақ жүрегі кең, өнерге тазалығы көрініп тұратын. “Гүлдерде” дүркіреп тұрған кезінде ұнатқаным бар. Бірақ жүректі ғашық болдым деп бөле алмайсың. Зекеңе (Заманбек Нұрқаділовке) тұрмысқа шыққасын жеңге болды. Қазір ағамыздың көзі кеткесін ол мені “аға” деп жүр, - деп әзілдеді композитор. 

Біраз уақыт бұрын халық әртісі Мақпал Жүнісова біраз уақыт бұрын бұл оқиға туралы айтқан еді. 

Ертеректе, 20 жас кезімізде Алтынбек ағам ән ұсынған еді. "Мен саған ғашықпын" деп сол кезде айтатын. Бірақ жеңгемізден қорықты ма, жақындай алған жоқ. Сырттай ғашықпын деп жүретін. Сол кезде "Мәңгілік махаббатым" деген әнді саған арнадым" деп алып келгені есімде. Қазір жеңгеміз қызғанбайтын шығар деп ойлаймын. Мен 60-қа келдім, ол кісі 75-ке келді, – деп күлді Мақпал Жүнісова. 

Айта кетейік, Кезінде Мейрамбек Беспаевпен дуэт боп ән шырқап, кейіннен өнерден алыстап кеткен әнші Сандуғаш Стамғазиева танымал композитор Алтынбек Қоразбаевпен некелескені белгілі болған. Бүгінде екеуінің екі қызы бар.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: