Қытаймен шекарадағы өткізу пункттері уақытша жұмыс істемейді

8 Маусым, 11:18 599

Мемлкеттік кірістер комитеті, ҚХР-да «Айдаhар-қайықтары» мерекелеуге байланысты  2024 жылғы 10 маусымда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткіу жүзеге асырылмайтындығын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінде.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: