Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Танымал әншінің әрекеті тағы да көпшіліктің назарына ілікті. Бұл жолы Димаш Қытай әуежайында видеоға түсіп қалған. Әнші терминалға бара жатқан жолда жас қызды көрген. Ол бойжеткен ауыр сөмкелермен жүр деп ойлап, көмек қолын созды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қыздың көмекке мұқтаж еместігіне көз жеткізген Димаш оны құшақтап, терминалға дейін бірге барды.
Димаш Құдайбергеннің бұл әрекетінен соң оқырмандар Димаштың жұлдыз ауруына шалдықпанын жазып, әртістің қарапайымдылығына тамсанып жатыр.