Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының сапары ертең Бейжіңде жалғаспақ.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесіне қатысып, көрші елдің ірі компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді. Сонымен қатар Қазақстан мәдени орталығының ашылу рәсіміне барады, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйлеген болатын. Сондай-ақ, мемлекет басшысы жоғары технологиялар және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыру қажеттігіне назар аударды.