29.04.2024
10:22
1121
Қытайдан Алматыға тағы бір пойыз қатынайды

Қытайдан Алматыға тағы бір пойыз қатынайды

Сианьнан Алматыға жолаушылар пойызы қатынайтын болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асырылады.

Туристік пойыздың жүруі «Үрімші - Алматы-2» қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұл пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн тұрақтайды. Осы уақыт ішінде қазақстандық тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қолданып, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді, - делінген мәліметте.