Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 111-ге жетті

19 Желтоқсан 2023, 10:35 1150

Қытайдың Ганьсу провинциясындағы жер сілкінісінен қайтыс болғандардың саны 111-ге жетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдың сейсмологиялық желі орталығының (CENC) хабарлауынша, 6,2 балдық жер сілкінісі дүйсенбі күні Бейжің уақытымен 23:59-да болған. Гипоцентр 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жерасты дүмпулерінің ошағы Джишишан округінің әкімшілік орталығынан 8 шақырымдай жердегі Люгу ауылында орналасқан.

Облыстық өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін апат аймағына 580 құтқарушы, 88 өрт сөндіру машинасы, 12 іздеу иті, 10 мыңнан астам техника жинағы жөнелтілді.

Жергілікті теміржол басқармасы жер сілкінісі болған аймақ арқылы өтетін жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысын тоқтатқан.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: