18.06.2023
04:07
1062
Қытайда жер сілкінді

Қытайда жер сілкінді

Қытай аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 22 сағат 14 минутта жер сілкінісін тіркеген.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 809 км жерде Қытай аумағында орналасқаны белгілі болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 11.2. MPV магнитудасы 4.9. Эпицентрдің координаттары 36.29° с. е. 79.88° ш. б. Тереңдігі – 5 шақырым, - делінген хабарламада.