29.07.2025
07:19
639
Қытайда үш жасқа дейінгі әр балаға жыл сайын 500 доллар жәрдемақы беріледі

Қытайда үш жасқа дейінгі әр балаға жыл сайын 500 доллар жәрдемақы беріледі

Қытай үкіметі үш жасқа толмаған әрбір балаға жылына 3 600 юань (шамамен 503 АҚШ доллары) көлемінде субсидия төлеуді қарастыратын жалпыұлттық бағдарлама іске қосылатынын мәлімдеді. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Субсидияға 2022-2024 жылдар аралығында туған балалардың ата-аналары өтініш бере алады. Бұл қаржылай көмек 20 миллионнан астам отбасына беріледі деп күтілуде.

Билік бұл бағдарлама арқылы елдегі туу көрсеткішін арттыруды және тұтынушылық шығындарды қолдауды көздеп отыр.

2024 жылы Қытайда 9,5 миллион бала дүниеге келіп, 10,9 миллион адам қайтыс болған. Осылайша, Қытай халқының саны үшінші жыл қатарынан азайып келеді.

Сарапшылар бұл субсидия мөлшері тым аз екенін және жақын арада туу деңгейіне немесе тұтынушылық белсенділікке айтарлықтай әсер етуі екіталай екенін атап өтті. Дегенмен, бұл бастама алдағы уақытта отбасыларға ауқымды қолдау көрсету бағдарламасының негізіне айналуы мүмкін.