15.08.2025
15:32
568
Қытайда роботтарға арналған Олимпиада ойындары басталды

Қытайда роботтарға арналған Олимпиада ойындары басталды

Бүгін Бейжіңдегі «Мұзды лента» жылдам сырғанау ұлттық стадионы адамтектес роботтарға арналған тұңғыш Дүниежүзілік ойындарға есігін ашады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Үш күнге созылатын бұл бірегей халықаралық іс-шара жасанды интеллект пен робототехника саласындағы жетістіктерді бүкіл әлемге паш етпек. Оған 16 елден 280 команда қатысады.

Бұл туралы GizmoChina басылымы хабарлады.

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында коньки тебу жарыстары өткен «Мұзды лента» аренасы роботтарға арналған жоғары технологиялық орталыққа айналды. Стадион толықтай қайта жабдықталып, роботтарды қуаттау мен техникалық қызмет көрсетуге арналған инфрақұрылыммен қамтылды.

Роботтар арасында 487 жарыс өтеді

Ойындарды Бейжің Халық Үкіметі, China Media Group, Бүкіләлемдік роботтық ынтымақтастық ұйымы және Азия-Тынық мұхиты RoboCup кеңесі бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Жарыс бағдарламасына 26 түрлі санат бойынша 487 сайыс енген. Олар:

  • дәстүрлі спорт түрлері: жеңіл атлетика (ұзындығы 2,1 м арнайы жүгіріс жолағымен), футбол (5x5),
  • шынайы өмір мен кәсіби ортадағы тапсырмалар:
    • дәрі-дәрмек сұрыптау (аурухана симуляциясы),

    • қонақүй бөлмелерін тазалау,

    • қойма мен өндірістік конвейердегі жұмыстар,

    • роботтар арасындағы бокс жарысы.

Автономды және қашықтан басқарылатын роботтар жарысады

Іс-шарада роботтардың нақты өмірде қаншалықты пайдалы әрі тиімді жұмыс істей алатыны басты назарда. Командалар екі түрлі жұмыс режимін таңдай алады:

  • автономды басқару – көру жүйесі мен шешім қабылдау алгоритмдеріне сүйенеді;
  • телеуправление (қашықтан басқару) – төмен кідірісті тұрақты байланысты талап етеді. Осы мақсатта стадион жаңа буындағы 5G-A желісімен жабдықталған.

Қатысушылар қатарында – технологияның алпауыттары мен әлемдік университеттер

Жарысқа Қытайдың жетекші технологиялық компаниялары: Yushu Technology, Xinghaitu, Tiangong және Fourier, сондай-ақ әйгілі университеттер: Цинхуа, Пекин университеті, Шанхай Цзяотун университеті қатысады. Сонымен қатар АҚШ, Германия және тағы басқа елдерден келген халықаралық командалар да бар.