Қытайда ҚР Ұлттық музейі қорының көрмесі ашылды

18 Мамыр, 15:16 603

Халықаралық музей күні аясында Сиань қаласындағы Шэньси тарихи мұражайында Қазақстан Ұлттық музей қорының «Чанъаннан бастап: Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгеніне 10 жыл толғанын мерекелеу» көрмесі ашылды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Экспозиция б.з. д. ІІ ғасырдан б. з. д. XVI ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды және Жібек жолы бойындағы қала құрылысы, діни нанымдар, сауда және бейнелеу өнеріне  арналған. 

Көрме 2014 жылы Қазақстан, Қытай және Қырғызстан бірлесіп,  Чанъань – Тянь-Шань дәлізіндегі Ұлы Жібек жолынының ЮНЕСКО мәдени мұра тізіміне енгізілгенін еске алу мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар іс-шара барысында «Цинь және Хан өркениеті» халықаралық симпозиумы өтті. Онда Ұлттық музейдің Қазақстан тарихы бөлімінің басшысы Айнұр Ақжасарова «Ұлы Жібек жолы мұрасы» тақырыбында баяндама жасады. 

Айта кетейік, көрме 2024 жылдың 18 тамызына дейін жалғасады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: