09.11.2025
10:37
458
Қытайда өмірді 150 жасқа дейін ұзартатын дәрі жасалып жатыр

Қытайда өмірді 150 жасқа дейін ұзартатын дәрі жасалып жатыр

Қытайдың оңтүстігіндегі Шэньчжэнь қаласында орналасқан Lonvi Biosciences зертханасы адам өмірін ұзартуға бағытталған инновациялық технологияларды дамытып жатыр. Бұл туралы The New York Times басылымы жазды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Lonvi Biosciences - ұзақ өмір сүру медицинасына маманданған стартап. Компания қартаю үдерісін баяулататын ерекше таблетка жасап шығарған. Препараттың негізінде жүзім дәнінің экстрактынан алынған процианидин C1 (PCC1) заты жатыр.

Шанхай ғалымдары жүргізген зерттеулер көрсеткендей, бұл қосылыс зертханалық тышқандардың өмір сүру ұзақтығын 9,4 пайызға арттырған, ал қолдану басталғаннан кейінгі өмірін 64,2 пайызға дейін ұзартқан.

Компанияның техникалық директоры Лю Цинхуа:

150 жасқа дейін өмір сүру — қол жетпес арман емес. Жақын жылдары бұл шынайы мүмкіндікке айналады, - деді.

Зертхана ғалымдары бұл жаңалық адамзаттың қартаюға қарсы күресінде жаңа кезеңнің бастамасы болатынына сенімді.