Қытайда аптап ыстыққа байланысты дабылдың «қызғылт сары» дәрежесі енгізілді

6 Шілде 2023, 23:20 1212

Қытайдың ұлттық метеорология қызметі бейсенбі күні елдің кейбір өңірінде аптап ыстыққа байланысты енгізілген дабылдың «қызғылт сары» деңгейін ұзартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синьхуа агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бейсенбі күндіз Қытайдың солтүстігіндегі кейбір аудандарда, Хуанхэ мен Хуайхэ өзендерінің арасындағы аудандарда, Янцзы өзенінен оңтүстікке қарай орналасқан аудандарда, Шыңжан Ұйғыр және Нинся-Хуэйск автономды аудандарында, Ішкі Моңғолия АР, сонымен қатар Шэньси провинциясында ауа температурасы 35 градустан асты.

Болжам бойынша, Бейжіңнің кей аудандарында, Хэбэй мен Хэнань провинцияларында термометр бағаны 40 Цельсий градустан жоғары болған.

Аптап ыстық 6-10 шілде аралығында Хэбэй, Бейжің, Тяньцзинь, Шаньдунь мен Хэнаньнің кей аудандарында тіркеледі, деп хабарлады орталық.

Қытайда жоғары температураны ескертетін үш деңгейлі ескерту жүйесі қабылданған. Ең жоғарғы қауіп дәрежесі қызыл түспен белгіленсе, одан кейін қызғылт сары және сары түстері болады.

Берік Арманов
Бөлісу: