Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Сауд Арабиясының мектептерінде қытай тілінен сабақ өткізіледі. Saudi Gazette мәліметінше, елдің тақ мұрагері саналатын ханзадасының Бейжіңге сапары барысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сауд Арабиясы Білім министрлігі корольдіктегі барлық мемлекеттік және жекеменшік мектептерде қытай тілін үйрету бағдарламасын жүзуге асыруды тапсырды. Сабақ семестр бойы аптасына екі реттен өтеді. Қытай тілі орта мектептің екінші курс оқушыларына үйретіледі.
Әр білім басқармасында қытай тілінен сабақ өткізілетін бірнеше мектеп анықталады, - делінген мәліметте.
Мұндай шешім тақ мұрагері саналатын ханзада әрі елдің премьер-министрі Мухаммед бен Салманның Бейжіңге сапары барысында қабылданған.
Екі тарап қытай тілі елдегі барлық білім беру мекемелерінде, мектептен бастап университтерге дейін өткізілетіні жайлы келіскен.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары