Қытай Қазақстаннан 20 мың тонна шошқа етін импорттауға ниетті

5 Шілде, 10:09 601

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысы аясында Қытай ет қауымдастығының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы «EMC Agro» өнеркәсіп кешенінде болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қонақтарға мал союдан бастап одан әрі ішкі нарыққа шығару үшін өлшеп-орауға дейінгі барлық өңдеу циклі көрсетілді. Бүкіл процесс автоматтандырылған және халықаралық санитарлық-эпидемиялық талаптарға сәйкес келеді. Сапаны бақылауды тәулік бойы неміс анализаторларымен жабдықталған зертхана қамтамасыз етеді. Дайын өнім арнайы мұздатқыш цехта сақталады.

Кәсіпорынның жұмысымен танысқаннан соң, тараптар ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Қытай ет қауымдастығы жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты.

Қазақстан - мүмкіндіктерге толы ел. Бүгінде Қытай ет қауымдастығына кіретін компаниялардың бірі жергілікті кәсіпорыннан шошқа етін сатып алуды жоспарлап отыр. Әңгіме жылына 20 мың тонна туралы болып отыр. Бірақ біз қой мен сиыр етіне де мүдделіміз. Сондай-ақ қазақстандықтарға мал шаруашылығын дамытуда және ірі және ұсақ мал етін Қытайға экспорттауда көмек көрсету үшін өз тәжірибелерімен бөлісуге дайынбыз, - деп атап өтті Қытай ет қауымдастығының сиыр етін импорттаушылар және экспорттаушылар клубының президенті Ма Гуаншэн.

Өз кезегінде, «EMC Agro» компаниясының өнеркәсіптік кешені Қытайға шығарылатын өнімнің 60% -ға жуығын жеткізуге дайын.

Қытайлық бизнес-қоғамдастық өкілдері бірлескен перспективалы жобаларды іске асыруға үлкен қызығушылық танытып, қазақстандық серіктестермен табысты ынтымақтастыққа үмітті. Қытайдың талаптары жоғары екенін түсіну керек. Жеткізу көлемі тұрақты, шикізат қауіпсіз болуы тиіс. Біздің етіміз жоғары сапалы, біз өз өнімімізге күмән келтірмейміз, жемісті ынтымақтастыққа дайынбыз. Көрші нарық біз үшін маңызды, - деді өз кезегінде «ЕМС Аgro» компаниясының басшысы Ержан Елеубаев.

Айта кету керек, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнеркәсібі мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Қасым-Жомарт Тоқаев фермерлердің алдына азық-түлік қауіпсіздігімен қатар зауыттардың өндірістік базасын кеңейту, қазақстандықтарды сапалы өніммен, ал инвесторларды үздіксіз экспортпен қамтамасыз ету міндетін қойды.

Қытай ет қауымдастығы ҚХР-дағы ет өндіру және тарату бойынша ең ірі ұлттық бірлестік болып табылады және оған 1300-ге жуық мүше кіреді.

Ал, «EMC Аgro» – Қазақстандағы ірі ет өңдейтін кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын түпкі тұтынушы үшін жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндіру мен жеткізуге және еліміздің ет нарығындағы сұранысты толық қамтамасыз етуге бағытталған. Ет комбинатының өндірістік қуаты жылына 20 мың тонна ет және тәулігіне 30 тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: