Қытай коронавируc қайта күшейді

24 Қараша 2022, 18:37 1479

Бейжің тұрғындарына кез келген қоғамдық ғимаратқа кіру үшін COVID-19 сынағының теріс нәтижесін көрсету керек екені ескертілді.

Қытайда COVID-19 инфекциясының 31 444 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл сәуірде Шанхайдағы екі ай жалпы қалалық оқшаулау енгізген кездегіден асып түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қытай COVID-19 инфекциясының көбеюіне байланысты карантинді күшейтті. Күнделікті көрсеткіштер бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетті. Сәрсенбі, 23 қарашада елде 31 444 жаңа жағдай тіркелді, деп жазады Sky News.

Чжэнчжоу билігі қаланың сегіз ауданында жаппай тестілеуді қамтитын бес күндік карантин жариялады. Қаланың 6,6 миллион халқына азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алудан басқа кезде үйде болуға бұйрық берілді.

Бейжің тұрғындарына кез келген қоғамдық ғимаратқа кіру үшін COVID-19 сынағының теріс нәтижесін көрсету керек екені ескертілді.

Сауда орталықтарына, қонақүйлерге, үкіметтік ғимараттар мен зауыттарға кіру үшін қазір 48 сағат бойы жарамды COVID-19 тестінің теріс нәтижесі қажет, дейді шенеуніктер. Сонымен қатар Қытайдың солтүстігіндегі Гуанчжоу және Шицзяжуан порттық қалаларында шектеулер күшейтілді.

Қытай билігі COVID-19 кезінде адамдардың өмірін сақтап қалу және медицина жүйесінің толып кетуіне жол бермеу керек екенін алға тартып отыр.

EL.KZ
Бөлісу: