28.11.2025
09:44
410
Қытай компаниясы жасанды интеллектке негізделген көзілдірік жасады

Қытай компаниясы жасанды интеллектке негізделген көзілдірік жасады

Қытайдың Alibaba компаниясы жасанды интеллект (ЖИ) жүйесімен жабдықталған Quark S1 смарт-көзілдіріктерінің шығарылатынын жариялады. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Оқи отырыңыз:

Белгілі болғандай, Quark S1 көзілдіріктері Alibaba әзірлеген Qwen нейрожелісі негізінде жасалған. Құрылғы пайдаланушыны қоршаған кеңістікті тіркейтін мөлдір дисплейлермен жабдықталған. ЖИ көзілдірік арқылы көрінетін бейнеге «контекстік ақпаратты» қабаттастыра алады. Сондай-ақ құрылғы 24 сағат бойы қуаттамай жұмыс істей алады.

Quark S1-дің іске қосылуы Alibaba-ның ЖИ нарығындағы позициясын күшейте түсетіні атап өтілді. IDC зерттеу бөлімінің директоры Софи Панның айтуынша, компанияның смарт-көзілдіріктерінің Қытай нарығына шығуы «бәсекелестік ландшафтын өзгертеді».

Alibaba-ның бұл жаңалығы Meta компаниясы Ray-Ban брендімен бірлесіп шығарған ЖИ көзілдіріктеріне балама ретінде ұсынылып отыр. Quark S1-дің бағасы – 537 АҚШ доллары.

Бұған дейін Google Nano Banana Pro атты жаңа нейрожелісін таныстырған болатын.