Қытай компаниясы ғарышқа ұшуға билеттер сата бастады

Қытай компаниясы ғарышқа ұшуға билеттер сата бастады

Қытайдың Deep Blue Aerospace компаниясы туристерге ғарышқа баруға билеттер сатуды бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Билет құны 1,5 млн юань – шамамен 210 мың доллар.

South China Morning Post мәліметінше, 2027 жылға жоспарланған алғашқы сапарға қазірдің өзінде екі билет сатылып кеткен.

Суборбитальді ғарыш саяхатының ұзақтығы 12 минутты құрайды, – делінген мәліметте.