Қытай кәсіпкерлерімен байланыс орнату маңызды – Талғат Ерғалиев

2 Шілде, 18:57 740

Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев Қытай кәсіпкерлері әрдайым Қазақстанға өз үлесін қосып жатқанын, бірақ көп жағдайда жобалар біздегі санаттармен сәйкес келмейтінін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Қытаймен бірге құрылыс саласын дамытқалы жатыр.

Жалпы, ресми түрде кейбіреулер құрылыс материалдарының 54-64 пайызы өзімізден шығады деп айтып жатады. Бірақ бұл шығарылып жатқан құрылыс заттары бізге жеткілікті емес. Кірпіш шығарсақ та, бәрібір сырттан әкелеміз. Қазір бізде нарықта бәсекелестік жоқ. Сол себепті қытайлық кәсіпкерлермен байланыс орнату керек. Әр инвестор келер алдында зерттейді. Көп жағдайда бұл ұзақ мерзімге созылып кетеді, – дейді Талғат Ерғалиев.

Құрылысшылар одағының төрағасы БАӘ, Сингапур, Вьетнам мемлекеттеріне басқа елдер көп қаржы құятынын айтады. Солардың тәжірибесін алу керегін жеткізді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: