Қытай әуе компаниясы Қазақстанға ұшуды қайта бастайды

21 Сәуір 2023, 10:19 691

21 сәуірден бастап «Air China» әуе компаниясы Бейжің – Сиань – Астана бағыты бойынша тікелей жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, рейстер Airbus-A320 типті әуе кемелерінде орындалады.

21 сәуірден бастап «Air China» әуе компаниясы Бейжің – Сиань – Астана бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) тікелей жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр. Рейстер Airbus-A320 типті әуе кемелерінде орындалады, - делінген мәліметте.

Қазақстан тарапынан «Air Astana» әуекомпаниясы ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Астана – Бейжің бағыттары бойынша орындалатын рейстер санын 1-ден 2 рейске дейін, Алматы – Бейжің бағыттары бойынша 6-дан 7 рейске дейін және Алматы-Чэнду бағыттары бойынша аптасына 1-ден 2 рейске дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Елдер арасындағы рейстер саны аптасына 13-тен 19 рейске дейін ұлғайтылады, оның ішінде қытайлық «China Southern Airlines» әуе компаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша аптасына 2 рейс және Алматы – Үрімші бағыты бойынша 3 рейс, - делінген мәліметте.

EL.KZ
Бөлісу: