Қыстың ортасында Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді

11 Қаңтар, 12:32 2037

Белгілі фотограф Дмитрий Доценко әлеуметтік желіде көктемнің алғашқы гүлінің бүр жарған видеосын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фотограф желтоқсан айында гүлдердің бүр жарғанын суретке түсірсе, ал қаңтардың 9-ында оның гүлдегенін көрсетті.

Желтоқсанда бәйшешектердің өсіп шыққанын суретке түсірдім, енді олар қаңтарда гүлдеді. Ал ақпан айы олар үшін әдеттегі уақыт. Гүлдер бізді қыс бойы қуантты. Алатаудың тау бөктерінде запырангүл және қаланың бақтарында галантус пайда болды. Алматы – таңғажайып қала, – деп жазба қалдырды фотограф.

Айта кетейік, шаһарда биыл қаңтар айы жылы және қарсыз болып тұр. Тауда ғана емес, ауладағы гүлдер де бүршік жарған.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: