16.02.2023
18:30
1253
Қысқы универсиада чемпионына білім гранты табысталды

Қысқы универсиада чемпионына білім гранты табысталды

Данил Васильевке үлкен спорттағы үздік жетістігі үшін Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры Бауыржан Закирьянов білім грантын тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Данил Васильев – Қазақ спорт және туризм академиясының Олимпиадалық спорт факультетінің 1-курс студенті.

Ол АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен дүбірлі додада ел намысын қорғап, шаңғымен тұғырдан секіру бойынша орташа тармплинде ең үздік нәтиже көрсетіп, қысқы Универсиада ойындарының жеңімпазы атанған.

Данил спортпен 8 жасынан бастап айналысып келеді.

«Бұл жетістікпен тоқтап қалмаймын. Алда қысқы Олимпиада шыңын бағындырып, елімнің даңқын көтеремін», дейді чемпион Данил.