Қыс қаһарына мінді: елімізде 46 градусқа дейін аяз болады

8 Желтоқсан 2023, 13:09 2518

Алдағы үш тәулікте арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ал атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың шығысында қар жауады, Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады, республиканың оңтүстігінде 9-11 желтоқсанда тау бөктерінде және таулы аймақтарда қар жауады.

Ауа температурасы түнде солтүстік-батыста 20-37 градус аязға дейін, солтүстікте 30-38, республиканың қиыр солтүстігінде 40-46 градус аязға дейін, орталықта және шығыста 25-35 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда тұман болжанады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: