«Қыс болмайды» деген адам өлі табылды

5 Қаңтар, 16:01 4795

5 қаңтарда Қырғызстанда №31 колонияның камерасында «Қыс болмайды» деген сөздерімен танымал болған Арстанбек Абдылдаев (Арстан Алай) өлі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты оның адвокаты растаған.

Адвокат Кайсын Абакировтің сөзіне қарағанда, Арстанбек Абдылдаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын бұза отырып қамауға алынған.

Адвокаттың айтуынша, ол тергеу изоляторының басшылығына бірнеше рет хат жазып, қорғалушысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұраған. Алайда олар ешқандай шарақ қолданбаған деп отыр.

Бас прокуратура басшылығын барлық кінәлі лауазымды тұлғаларды қылмыстық жауапқа тартуды сұраймыз, - деді Абакиров.

«Қыс болмайды» деген сөз тіркесінің авторы желтоқсанда ұсталған. Оған діни араздық тудырды деген айып тағылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: