Қырымдағы лагерьге кеткен қазақстандық оқушылар елге оралды ма? Министр жауап берді

6 Маусым 2023, 12:28 1559

Ресей басқыншылығындағы Украинаның жері – Қырымдағы лагерьге демалуға кеткен қазақстандық оқушылар елге оралды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет кулуарында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балалардың бәрі аман-есен оралды. Барлығы әке-шешелерінің қолына табысталды. Мұндай жекеменшік олимпиадалар мен байқауларға тосқауылдар қойылды. Ол тосқауыл бар. Бірақ бұл жерде мынаны түсіну керек. Бұл ата-аналардың өз еркімен жасалған дүние. Әрі қарай мұндай мәселелерге жол берілмес үшін білім басқармасының бұйрығынсыз және министрліктің Құқық қорғау комитетінің рұқсатынсыз балаларды шетелге жіберуге жол бермеу мәселесі қолға алынып отыр, - деді ол.

Еске сала кетсек, Қазақстанның 10 оқушысы Қырымда орналасқан лагерьге демалуға 24 күнге аттанған болатын.

Бұған дейін Ғани Бейсембаев мемлекеттік балабақшалар қазақ тіліне көшірілетінін айтқан болатын

Миражан Махан
Бөлісу: