Қыркүйекте Шымкентте 14 балабақша пайдалануға беріледі

20 Тамыз, 06:37 465

Шымкентте 982 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Онда 415 908 тәрбиеленуші білім алуда (мемлекеттік – 258, бала саны – 262 856, жеке – 724, бала саны – 153 052). Қыркүйек айында қалада 14 балабақша пайдалануға беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды. Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева өз сөзінде білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы туралы айтып берді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын жою мақсатында 2023 жылы 30 балабақша ашылып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2 945 орынға мемлекеттік тапсырыс берілге. Биыл балаларды 2 жастан бастап мектепке дейінгі біліммен қамту, жекеменшік балабақша есебінен санын арттыру бағытында мемлекеттік тапсырыс негізінде 3150 орынмен қамту жоспарланған. Жергілікті бюджеттен 43,6 млрд теңге қаржы жалпы 71 193 бала санына қаралған. Оның ішінде ағымдағы жылдың сәуір айында 1050 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған.

Жоспар бойынша биыл жаңадан ашылатын 32 балабақшаның 13-і сәуір айында пайдалануға беріліп, 117,3 млн теңге қаржыға 242 орын мемлекеттік тапсырысы берілді. Нәтижесінде 1-6 жас аралығындағы кезекте тұрған 86 387 баланың  86,6%-ы (76 216 бала) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылса, 2-6 жас аралығындағы 83 590 баланың 89,3% (74 661 бала) қамтылған.

Жыл соңына дейін балабақшаларды мемлекеттік тапсырыс аясында қосымша 2100 орынмен қамтамасыз ету күтілуде  (1 қыркүйекке дейін 1100 орын, жыл соңына дейін 1000 орын). Бұның 100 орны ата-аналарға ваучер беру арқылы жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар қыркүйек айында 14 балабақша, желтоқсанда 5 балабақша ашылады.

Перизат Саденова
Бөлісу: