23.04.2024
21:41
1195
Қырғызстанның Ош облысында төтенше жағдай жарияланды

Қырғызстанның Ош облысында төтенше жағдай жарияланды

Қырғызстанның бірнеше аймағында сел жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Кейбір ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ош облысында төтенше жағдай жарияланды. Өңірде 100-ге жуық үйді су басқан.

Ал бір ауылда селге қарсы бөгетті су бұзып кеткен. «Курсив» порталының хабарлауынша, елдегі тас жолдардың бірінде көлікпен келе жатқан бір отбасы қаза тапқан.

Жергілікті синоптиктердің айтуынша, апта бойы жаңбыр жаумақ.