Қырғызстаннан Қазақстанға 1 тонна сүт өнімін алып өтпек болғандар ұсталды

15 Қазан, 04:27 670

Жамбыл облысындағы «Қордай» Ветеринариялық бақылау бекетінде қажетті ветеринариялық ілеспе құжатсыз Қырғызстан аумағынан Қазақстанға 1 тонна сүт өнімін әкелуге тырысқан автокөлік ұанықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл фактіні мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор құжаттамалық бақылау процесінде анықталған. Көлікте болған жүргізушілерге айыппұлдар салынып, жүктер жөнелту пунктіне қайтарылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері шекараның Қазақстан-Қырғыз учаскесінде орналасқан Ветеринариялық бақылау бекеттерінде ветеринариялық ілеспе құжаттардың болмауына байланысты анықталған құқық бұзушылықтар туралы 77 акт жасалған. Әкімшілік айыппұлдар 3,2 млн теңгеден асты. Бір ғана «Қордай» БКП-да 50 әкімшілік материал ресімделді, 2,2 млн теңге айыппұл өндірілді.

 

Зарина Арман
Бөлісу: