Қырғызстандағы сел апаты: Қазақстандық тағы 2 баланың денесі табылды

30 Маусым, 15:00 2428

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, сел тасқыны салдарынан  жоғалған тағы 2 баланың денесі табылды. Олар - Қазақстан азаматтары, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Қазақстан СІМ мәліметінше,қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделдетілген режимде құжаттар ресімделіп, қажетті рәсімдер жүргізілуде. 

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп жатыр.  

Жақын арада Қазақстан Төтенше жайдайлар министрлігінің ұшағымен қаза тапқан барлық 4 баланың денесі елге жеткізілетін болады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: