Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді

21 Маусым, 09:53 544

Қырғызстанның Ыстықкөл аумағында бүгін, 21 маусымда, сағат 8:13-те 3,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қырғызстанның Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, зілзаланың ошағы Қырғызстан аумағында Эчкили-Таш ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 шақырым жерде орналасқан.

Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісі сезілмеген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: