Қырғызстанда жер сілкінді

5 Қыркүйек 2023, 09:00 1131

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 5 қыркүйек күні Астана уақытымен 06.08-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 400 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында жатыр.

Энергетикалық санаты – 10.0. MPV магнитудасы – 4.6. Эпицентр координаттары – 40.93° с.е. 73.16° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ, - делінген хабарламада.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: