Қырғызстанда жер сілкінді

22 Маусым 2023, 12:45 987

Қырғызстанда бүгін, 22 маусым сағат 2:48-де 3,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елдің Ұлттық ғылым академиясы институты таратқан мәліметке сәйкес, зілзала ошағы Ақ-Құдық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 шақырым жерде, Восьмое Марта ауылынан солтүстікке қарай 16 шақырым жерде, Нарын қаласынан солтүстік-батысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан. Елді мекендерде жер сілкінісінің қарқындылығы: Ақ-Құдық, Лесхоз ауылдарында - 3.5 балл, ал Восьмое Марта, Шоро, Қадыралы, Жылан-Арық, Тегерек, Ылайлы-Суу ауылдарында 2.5 балл болды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: