11.12.2024
10:12
818
Қырғызстанда түнде жер сілкінді

Қырғызстанда түнде жер сілкінді

Қырғызстанда түнде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның ГЗИ ҰЯО деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 11 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 02:30-да Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметі бойынша, магнитудасы 3,8 болған жер сілкінісінің эпицентрі Талды-Су ауылынан 9 шақырым оңтүстікте және Нарын қаласынан 37 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан.

Жерасты дүмпулері Озгоруш, Талды-Су және Первомайск ауылдарында 3 балл шамасында сезілген.