Қырғызстанда төтенше жағдай жарияланды

22 Маусым 2023, 11:00 1769

Жалал-Абад облысының Тогуз-Тороу ауданында ІІІ дәрежелі төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Қырғызстан Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, Нарын өзенінде су деңгейі көтеріліп, 200 үй, ауыл шаруашылығына пайдаланатын жердің 16 гектары мен әуежайдың ұшып-қону жолағын су басу қаупі бар.

Осыған байланысты аудандық азаматтық қорғаныс комиссиясының дабылы жарияланды. Облыстық Азаматтық қорғаныс басшысы А.Сырғабаев пен ТЖМ басқарма басшысы А.Закировтың төрағалығымен өткен штаб отырысында III дәрежелі ТЖ режимін енгізу туралы шешім қабылданды.

Өзен арнасын дәлдеу жұмыстары жүргізілуде, оған арнайы техника тартылды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: