Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы әрі министрлер кабинетінің төраға орынбасары Камчыбек Ташиев мемлекет меншігін заңсыз иеленгендердің басым бөлігі ел игілігіне қайтарылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен күрес пен халықтың байлығын қайтару биліктің басым бағыты болып қала береді, деп хабарлайды El.kzKaktus.media сайтына сілтеме жасап.
Балыкчы қаласының тұрғындарымен кездесуде Камчыбек Ташиев шамамен 70 пайыз тоналған мүлік мемлекеттің меншігіне қайтарылғанын айтты. Ол ұрлық-қарлық екі негізгі тәсілмен жүзеге асқанын жеткізді.
Ташиевтің сөзінше, 1990-2000 жылдары жекешелендіру желеуімен зауыттар, фабрикалар, автопарктер мен жер телімдері «өз адамдарына» дерлік тегін берілген. Өндірісті қалпына келтіру мен жұмыс орындарын ашудың орнына бұл мүліктер жеке байлыққа айналдырылған. Осылайша елде халық есебінен дәулет жинаған ауқатты топ пайда болды.
Кейінірек, Ташиев атап өткендей, сыбайлас жемқорлық тіпті күшейген: қызмет орындары сатылып, лауазымды тұлғалар өз посттарын салған ақшасын тез қайтарып алудың жолы ретінде қараған. Мысалы, құрылысқа бөлінген бюджет қаржысының жартысына жуығы жеке қалталарға түсіп отырған, бұл елдің тоқырауына және халықтың кедейленуіне себеп болған.
– Президент Садыр Жапаров бізге тоналған мүлікті қайтарып, мемлекеттік институттарды нығайтуды тапсырды. Біз мемлекет мүлкін заңсыз иеленген тұлғалардың тізімін жасап, активтерді біртіндеп қайтарып жатырмыз. Қазірдің өзінде шамамен 70 пайызы қайтарылды, – деді ол..