Қырғызстанда депутатқа мемлекетке сатқындық жасады деген айып тағылды

3 Қыркүйек 2023, 01:33 681

Қырғызстанда Парламент депутаты Адахан Мадумаров қамауға алынды. Ол мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталуда. Бұл туралы 24.kg сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Порталдың мәліметінше, іс 2009 жылы Худжандта қол қойылған хаттамаға қатысты. Адахан Мадумаров Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы ретінде тәжік тарапымен қауіпсіздік кеңесі хатшыларының басшылығымен екі елдің мемлекеттік органдары басшыларының жұмыс кездесуі хаттамасына қол қойған. Құжатқа сәйкес, қырғыз тарапы Тәжікстаннан 49 жылға 5 гектар және ұзындығы 275 метр жер учаскесін жалға алған. Хаттама Худжандтағы келіссөздерден кейін қабылданды.

 Шенеуніктер мемлекеттік шекара сызығы бойындағы шаруашылық қызметке тыйым салу туралы үкіметаралық келісімге қол қою үшін оны демаркациялау және делимитациялау аяқталғанға дейін мемлекетішілік рәсімдерді сәйкестендірді.

2 қыркүйекте Мадумаров Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторына қамалды. Ол 24 қазанға дейін қамауда болады.

Саясаткердің адвокаты Гуляна Убалиева қылмыстық істің материалдарымен әлі таныспағанын айтты.

Берік Арманов
Бөлісу: