Қырғызстанда алапат селден бес адам қаза тапты

29 Маусым, 13:25 728

Ош облысының Ноокат ауданында сел салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы екеуі із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

28 маусым күні сағат 16:10–да нөсер жаңбырдың салдарынан Құлатов аймағының Әбшір-Ата ауылындағы Шаран-Сай каналы арқылы сел жүрді. Тасқын су 7 адамды алып кеткен. Қазіргі уақытта 5 адамның мәйіті табылды, екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ 2 көпір мен 10 электр бағанын су шайып, 30 тұрғын үй мен ауланы, балабақшаны су басқан.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: