22.06.2024
23:28
942
Қырғызстанда 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді

Қырғызстанда 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді

Қырғызстанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды 24.kg-ге сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Жер дүмпуі 22 маусымда жергілікті уақытпен сағат 23.10-да тіркелді.

Android жер сілкінісі туралы ескертулер жүйесінің мәліметі бойынша, жер сілкінісі ошағындағы дүмпу күші 4,4 балды құрады.

Жерасты дүмпуін Бішкек пен Шу облысының тұрғындары сезінген.