Қырғызстанда 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

26 Сәуір, 07:30 596

Қырғызстанда 3 балдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Кабарға сілтеме жасап. 

Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, бүгін сағат 15.24-те Қытайда эпицентріндегі күші 4,5 баллға жеткен жер сілкінісі тіркелген. 

Республикадағы елді мекендерінде жерасты дүмпулері Ыстықкөл облысы, Жеті-Оғыз ауданы, Бедел ауылында сезіліп, 3 балды көрсетті.

Қырғыстанның ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған нысандар тіркелмеген. 

Перизат Саденова
Бөлісу: