Қырғызстан президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

9 Сәуір, 11:43 636

Қырғызстан президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

18-19 сәуір күндері Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары өтеді. Сапар аясында екі елдің президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысын өткізеді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, Жапаров Қазақстандағы Қырғыз киносы күндерінің ашылуына және басқа да бірқатар шараларға қатысады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: