Қырғызстан мен Тәжікстанның әскери делегациялары Ақтауға келді

16 Шілде, 21:46 551

Батыс өңірге «Бірлестік – 2024» халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының белсенді кезеңін бақылау үшін қорғаныс ведомстволарының басшылары келуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтау қаласының халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарды Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов қарсы алды. Ақтауға Қырғызстан Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Бақтыбек Бекболотов, Тәжікстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Саидасрор Саид Абдуллозода келді.

Әуе айлағында делегация басшыларының келуіне орай ұшақтың трапы алдында құрметті қарауыл ротасы сап түзеді. Қонақтарға дәстүрлі бауырсақ пен қымыз ұсынылды. Әскери делегациялардың бағдарламасына әскери объектілер мен әскери қызметшілер орналасқан жерге бару және «Оймаша» полигоны мен Қарақия ауданы Тоқмақ мүйісіндегі оқу-жаттығудың белсенді кезеңін бақылау кіреді. 

Зарина Арман
Бөлісу: