05.12.2023
09:05
2410
Қырғызстан энергетикалық сусындарға тыйым салды

Қырғызстан энергетикалық сусындарға тыйым салды

Қырғызстанда энергетикалық сусындарға тыйым салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қырғызстанның Жогорку кенеш депутаттары ел аумағында энергетикалық сусындарды сату, өндіру және елге кіргізу туралы заң жобасының концепциясын мақұлдады.

Экономика және сауда министрінің орынбасары Искендер Асылкуловтың сөзіне қарағанда, энергетикалық сусындарды кіргізуге тыйым салу мерзімі 6 айдан аспауы керек.