Қырғызстан аумағында жер сілкінді

15 Ақпан 2023, 10:24 1040

 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 15 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 09:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 443 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.4. MPV магнитудасы – 4.2. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ», - делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.

EL.KZ
Бөлісу: