Қырғыздардан темекі алып, елге заңсыз кіргізгендер ұсталды

5 Қаңтар, 16:39 1189

ҚМА Жамбыл облысы бойынша Департаменті құжаты жоқ құны 808 млн теңгені құрайтын вагон темекі өнімдерін Қырғыз Республикасынан әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында акциздік бюджетке төленетін сома анықталды.

Мемлекеттік кірістер органдарының бағалауы бойынша бұл 320 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта бірқатар жедел-іздестіру шаралары, соның ішінде тиiстi сараптамалар жүргiзiлуде, олардың нәтижесiнде қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: