Қырғыз боксшысы ел тарихындағы алғашқы Олимпиада жүлдегері атанды

4 Тамыз, 07:41 5722

Қырғызстан спортшысы бокстан Олимпиада тарихында алғаш рет жүлдеге қол жеткізді. 57 келіде сынға түсіп жатқан Мұнарбек Сейітбекұлы ширек финалда АҚШ боксшысын ұтып, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қырғыз боксшысы іріктеу кезеңдерінде Куба боксшысы Сайдел Нортаны 3:2, АҚШ боксшысын 5:0 есебімен жеңіп отыр. Енді ол жартылай финалда Жапония және Болгария боксшылары жұбының жеңімпазымен өзара мықты анықтайды.

Айта кететін жайт, Мұнарбек Сейітбекұлы былтыр Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Осылайша, ол Қырғызстан бокс тарихында әлем біріншілігінен жүлде иеленген алғашқы боксшы атанған. Енді ол бұл жетістікті Олимпиадада қайталап, кем дегенде қола жүлдені еншілеп етіп отыр.

Аталған боксшы – әзірге қырғыз спортшылары арасында жүлдеге қол жеткізген алғашқы атлет. Сонымен бірге, Париж Олимпиадасына Қырғызстанның 17 спортшысы жолдама иеленген.

Перизат Саденова
Бөлісу: