«Сән-салтанат салығына» не жатады?
-
Автокөліктер — құны 18 000 АЕК-тен жоғары (шамамен 70 млн ₸)
-
Яхталар, ұшақтар — 24 000 АЕК-тен жоғары (шамамен 100 млн ₸)
-
Алкоголь өнімдері — бағасы 500 000 ₸-ден қымбат
-
Темекілер — бағасы 10 000 ₸-ден қымбат
-
Жылжымайтын мүлік — иесіне тиесілі барлық нысандардың жалпы құны 450 млн ₸-ден асса (салық салынатын, нарықтық емес бағамен)
Салық қалай есептеледі?
-
Көліктер — 18 000 АЕК-тен бастап, салық + құнының 10%-ы мөлшерінде акциз
-
Яхталар, ұшақтар — 24 000 АЕК-тен бастап, салық + құнының 10%-ы мөлшерінде акциз
-
Алкоголь — бағасы 500 000 ₸-ден асса, салық + литріне құнының 10%-ы мөлшерінде акциз
-
Темекі — бағасы 10 000 ₸-ден асса, салық + данасына құнының 10%-ы мөлшерінде акциз
-
Жылжымайтын мүлік — 2 946 600 ₸ + 450 млн ₸-ден асқан соманың 2%-ы
Бірнеше пәтер немесе үйім болса, салық төлеймін бе?
Иә. Егер барлық пәтер, үй мен саяжайдың жалпы құны 450 млн ₸-ден асса, салық міндетті.
Мысал:
Мүлік құны — 500 млн ₸ болса:
Салық = 2 946 600 ₸ + (50 млн ₸ × 2%) = 3 946 600 ₸.
Егер жалпы құны 450 млн ₸-ден аз болса, салық әр мүлікке жеке есептеледі.
Ескі автокөліктерге жеңілдік бар ма?
Көлік салығына қандай өзгерістер енгізілді?
-
Арнаулы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өндірушілеріне бір пикапқа қосымша жеңілдік беріледі.
-
31.12.2013 жылдан кейін әкелінген немесе сатып алынған көліктерге қолданылған жоғарылатылған мөлшерлеме алынып тасталды.
-
Ағымдағы төлемдерді есептеу жойылып, тек жылдық декларация тапсырылады.