Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

23 Шілде, 22:40 1220

Журналист Қымбат Досжан архив құжаттарынан Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматтың қолхаты табылғанын хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қымбат Досжан Арқалық және Атбасар қаласының халқынынан көмек сұрап, Батталова Жанна Бекенова есімді тұрғынға іздеу салатынын хабарлады.

Бұған дейін Жәнібектің анасы болуы мүмкін Жазираның ДНҚ сараптамасы 0 пайыз сәйкестік көрсеткен еді. Редакция Жанна мен Жазираның балалары ауысып кетуі ықтимал екенін айтады. Сондай-ақ екі ананың перзенті бір күнде балалар үйіне тапсырылған.

Архивтік құжаттарға сүйенсек, Жанна Батталова 2002 жылғы 12 қаңтар күні таңғы 9 сағат 10 минутта Арқалық перзентханасында салмағы 2750 гр. бойы 53 см. ұл баланы дүниеге әкелген. Жанна Батталованың жасы 19-да болған, демек ол 1983 жылғы болуы мүмкін. Туған жері Атбасар, мекенжайы: Победа көшесі 8-2. Жанна Батталова Арқалық кооперативтік техникумында немесе Педагогикалық училищесінде 2001-2002 жылдары оқыған болуы мүмкін. Жанна Батталованың ерекше белгісі — бір көзі қыли (сходящее косоглазие) деп жазылған. Жанна Батталова өмірге әкелген нәресте — Даниярды 2006 жылы америкалық отбасы асырап алған, - деп жазды журналист.

Данияр есімді баланың анасы - Жазира, ал Жәнібектің анасы Жанна болуы ықтимал.

Біз неге Жанна Батталованы іздеп отырмыз? Жауабы: Табылған мәліметтер арасында Даниярдың фотосы бар. Естеріңізге салсақ, Жәнібектің құжатында анасы деп жазылған "Жазира" былтыр желтоқсанда табылды. Ол әйел 2002 жылдың қаңтарында перзентханаға құжатсыз жедел жәрдеммен барып, босанып баланың есімін "Жәнібек" деп қойып, 4 күннен кейін дәрігерлерге аты-жөнін өтірік айтып, қолхат жазып, перзентханадан кетіп, сол күйі оралмаған, оны өзі мойындап отыр, - деп жазды Қымбат Досжан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kymbat Doszhan (@kymbatdoszhan)

Перизат Саденова
Бөлісу: