«Қыдырып жүрген» Тұрлыхановтың ұлы үшін кімдер жазаланды?

4 Қыркүйек, 09:57 516

ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат уақытында пробациялық тізімге тіркелмегені үшін нақты кім жазаланғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚАЖК Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында, сот үкімі Алматы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне 14 тамызда келіп түскені айтылған. Сол күні Нұрасыл Болат пробация қызметінің есебіне алынған.

Дегенмен, жіберілген процессуалдық заңбұзушылықтар үшін Байқоңыр облысы бойынша пробация қызметінің аға инспекторы мен оның тікелей басшысы, сондай-ақ Астана бойынша ҚАЖД басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - делінген комитет хабарламасында.

Еске салайық, тамызда желіде Нұрасыл Болаттың үйінде пробациялық бақылауда болуы керек уақытында, қаланы аралап жүргені түсірілген видео пайда болды. ҚАЖК ішкі тексерісті бастағаны айтылған болатын.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: