Құтқарушыларға мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыс етілді

7 Мамыр, 11:01 510

ТЖМ басшысы президент атынан ТЖМ қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің жарлығымен батырлық ерлігі мен мінсіз қызметі үшін барлығы 7 құтқарушы марапатталды.

Министрдің бұйрығымен азаматтық қорғау органдарының 414 қызметкері мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері марапатталды.

Сонымен қатар ТЖМ басшысы салтанатты түрде елордалық құтқарушыларға қызметтік пәтердің кілтін табыстап, оларды осындай маңызды оқиғамен құттықтады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: